Әдебиет

Биылғы таңдау — Өтебай Қанахиннің шығармалары

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өтті.
Оған Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, ақын Ертай Ашықбаев, «Ақтөбе» газетінің тілшісі, ақын Талғат Тілеулесов, облыстық бас кітапхананың директоры Сұлушаш Хәкімова, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Құралай Райымбаева, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Гүлжайнар Қалдина, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Эльмира Кашкенова, т.б. қатысты.
Әуелі 2022 жылы шығармалары таңдалып алынған қазақтың көрнекті ақыны Сәбит Баймолдин жылы қорытындылана келіп, атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.
Одан соң алдағы 2023 жылдың «Оқитын өлке» акциясын өткізуге қатысты облыстық және аудандық кітапханалардан 17 ұсыныс түскені айтылып, осы мәселе талқыға салынды. Алдағы жылы туғанына 100 жыл толғалы отырған жазушы Өтебай Қанахиннің шығармалары туралы көп ұсыныс түсіпті. Осыған сәйкес алқа мәжілісі 2023 жылғы «Оқитын өлке» акциясына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер жазушы Өтебай Қанахиннің шығармаларын ұсыну жөнінде шешім қабылдады.
Енді «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жыл бойы оқырмандар арасында жазушының шығармаларын насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ қаламгердің кітаптары цифрлық жүйеге көшіріліп, облыстық, аудандық және қалалық кітапханаларға таратылатын болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button